Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » №66 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕГІ ЭТНОАУЫЛ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ӘЛІ ДЕ ЫҚЫЛАС КӨРСЕТУДЕ

№66 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕГІ ЭТНОАУЫЛ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ӘЛІ ДЕ ЫҚЫЛАС КӨРСЕТУДЕ


Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №66 референдум учаскесінде ұлттық нақыштағы этноауыл ұйымдастырылып, дауыс беруге келген тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Учаске аумағында киіз үй тігіліп, қазанға бауырсақ пісіріліп, келушілерге ұсынылды. Ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл бастама тұрғындардың ризашылығын тудырып, саяси науқанға мерекелік сипат берді.

Сондай-ақ өнерпаздар халық әндерін орындап, күй тартып, жиналған жұртшылыққа әсем өнерлерін тарту етті.


Осылайша №66 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі ұлттық құндылықтармен үндесіп, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жарқын көрінісіне айналды.
15 наурыз 2026 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031