Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаладан көрінбейтін ықылас

Қаладан көрінбейтін ықылас


Бүгін референдумға барып, азамат ретінде өз таңдауымды жасап шықтым.

Көп ұзамай ауылдастардан бірінен соң бірі суреттер келе бастады. Келіндер далаға қазан көтеріп, қазан жаппай басып, бауырсақ пісіріп, ағайындар жиналып, Референдумды ауылша — көңілді, берекелі өткізіп жатқан көрінеді.

Суреттерге қарап, жүрегім Сыр бойына кетіп қалғандай...

Бозкөл — Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы шағын ғана ауыл. Бір ауылдан тұратын ауылдық округ, аудан орталығынан алпыс шақырымдай жерде орналасқан. Ауылда бәрі бар. Соңғы жылдары жаңа амбулатория салынды. Алдағы уақытта көгілдір отын (газ)келеді деп күтілуде.

Ауыл халқының ерекшелігі — ағайынның арасы ажырамаған, өсек пен даудан гөрі бірлік пен берекені жоғары қояды. Аңқылдаған апалар, бір-бірін жатсынбайтын ағайын, «кел, ауыз тиіп кет» деп шақыратын кең пейіл.

Бозкөл атауының өзі бір тарих. Кезінде Сыр өңірінде Арал теңізі дүркіреп тұрған уақытта сол маңайда Бозкөл деген көл болған. Заман өзгеріп, Арал тартылып, көл де бірге кеткен еді. Көл жоғалғанымен, аты жоғалмады. Ауыл әлі күнге дейін Бозкөл деп аталады.

Бүгін ағайыннан келген қарапайым суреттер мені бала күнгі соқпақтарға алып кеткендей... Қаладағыдай өзгеріске мен бармаймын деп емес , қалмаймын деп өз үлесін қосатын ағайынды елестетесің.

Қонбадым айға, болмадым қайда сабылдым,
Болсам да қайда туған жер сенсіз жаным мұң.
Ата жұрт мекен кіндігі тамған қанымның,
Көз көрім едің, Бозкөлім, сені сағындым!

Қапырық мейлі қақаған аяз қысты күн,
Сағыныштың саған өшірмей бақтым ұшқынын.
Бойдағы біткен мендегі барлық жылылық,
Туған жер сенің табаннан өткен ыстығың!

Иә, расында…
Туған жер адамды күтпеген жерден сағындырып жібереді екен ...

“Qazaqstan Ardagerlery” қауымдастығының төрағасы
Бақытбек СМАҒҰЛ
15 наурыз 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031