Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА АУРУХАНАДА ЕМ АЛУШЫЛАР ДА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУДЕ

ҚАЗАЛЫДА АУРУХАНАДА ЕМ АЛУШЫЛАР ДА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУДЕ

Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Қазалы ауданындағы ем алушылар да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында ем қабылдап жатқан азаматтарға дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Осы мақсатта Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде орналасқан №60 референдум учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі ауруханаға арнайы жеткізілді.

Дауыс беру тәртібі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, ем алушылар өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Жалпы ауруханада ем алып жатқан 162 азамат республикалық референдумда дауыс беріп, саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.

Бұл – қазалылықтардың ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтындығының және қоғамдық маңызды мәселелерге бейжай қарамайтындығының айқын көрінісі.
15 наурыз 2026 ж. 232 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930