Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум учаскесінде кітап көрмесі жасақталған

Референдум учаскесінде кітап көрмесі жасақталған


Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Республикалық референдум аясында өткізіліп жатқан дауыс беру №91 учаскесінде ерекше қарқынмен басталды.
Таңғы сағат 07:00-ден бастап №91 учаскеге ағылған тұрғындардың қарасы қалың. Тәртіп пен ашықтық бүгінгі науқанның басты ұстанымы. Дауыс берушілердің арасында жастар да, еңкейген қариялар да бар.
Биылғы науқанның тағы бір ерекшелігі құқықтық сауаттылыққа басымдық берілуі. №91 учаскеде №5 кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан – жаңа заң» атты арнайы кітап көрмесі жасақталды.


Дауыс беруге келген тұрғындар Тәуелсіздік шежіресі мен Ата Заңның қалыптасу тарихына қатысты құнды мәліметтермен танысты. Көрмеге қойылған әдебиеттер мен заңнамалық жинақтар дауыс берушілердің, әсіресе жас буынның мемлекеттік маңызы бар құжаттарға деген қызығушылығын арттырды. Бұл бастама дауыс берушілердің тек таңдау жасап қана қоймай, ел тарихы мен заңын тереңірек тануына мүмкіндік берді.
15 наурыз 2026 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31