Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік желілердегі репосттар үшін жазалауы мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі репосттар үшін жазалауы мүмкін

Фото: pixabay
Қандай контентті бөліскеніңіз үшін жазалауы мүмкін? SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда интернеттегі тыйым салынған контентті таратуға қатысты талаптар күшейтіледі.
Әсіресе бұл ережелер қаржылық пирамидалар мен онлайн-казиноларды жарнамалайтын жарияланымдарға қатысты болады. Агенттік қаржылық бақылау жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Құқық бұзушылық белгілерін анықтау интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да ақпараттық платформаларда жарияланған материалдарды талдау арқылы жүргізілмек. Егер мониторинг барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталса, тиісті шаралар қолданылатын болады. Қалған жағдайларда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз контент туралы ақпарат блоктау үшін уәкілетті органға жіберіледі. ҚМА мәліметінше, жазалау терроризмді насихаттайтын, қаржылық пирамидаларды және онлайн-казиноларды жарнамалайтын репосттар үшін қолданылатын болады. «Агенттіктің құзыреті тек қаржылық пирамидалар, онлайн-казинолар және заңсыз лотереялармен байланысты контентке қатысты. Бұған дейін заңда Агенттіктің арнайы құзыреті көрсетілмеген, сондықтан жаңа нормативтік-құқықтық акт жасау қажеттілігі туындады», – деп түсіндірді агенттік өкілі Ернар Тайжан. Қоғамдық талқылау 20 наурызға дейін жалғасады.

13 наурыз 2026 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930