Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде заңсыз ойын бизнесі төмендеді

Елде заңсыз ойын бизнесі төмендеді

Бас прокуратурада онлайн-казиноларға қарсы іс-қимыл және заңсыз ойын қызметімен байланысты қаржылық ағындарды бұғаттау мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. 
Фото: pixabay
Жиынға Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Интернетте заңсыз құмар ойындардың ауқымды таралуынан туындаған өзекті қауіптер талқыланып, қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың бірлескен тәсілдері әзірленді.

Мәжілістің қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг және заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою бөлігінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

— Биыл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің 22,2%-ға (45-тен 32-ге дейін) төмендеуі байқалады. Онлайн-казиноларды толтыруға арналған 50-ден астам банк шоттары анықталып, бұғатталды, — делінген хабарламада.

Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жөнінде белсенді жұмыс жалғасып жатыр.

Дегенмен, осы қылмыстар қатер төндіруде және ден қоюдың жүйелі шараларын талап етеді.

Бас прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін мүлік тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратын Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. 

28 шілде 2025 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031