Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын жария етті
Фото: istockphotoАуа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жетісу облысында 12 наурыз сағат 20:20-дан бастап Үшарал – Достық автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ 12 наурыз сағат 20:00-ден бастап Ақтөбе облысы мен Қостанай облысы аумағында да жолдар жабылды.
Атап айтқанда, Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының:
89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы);
234-455 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Тобыл ауылы) уақытша жабылды.
Аталған жолдарды 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.










