Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз аудан» жобалары аясында межведомстволық кездесу өтті

«Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз аудан» жобалары аясында межведомстволық кездесу өтті

Аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз аудан» жобалары аясында межведомстволық кездесу өткізілді.
Іс-шараға аудан прокуратурасының, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, сондай-ақ салаға жауапты мекеме қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында аудан аумағындағы криминогендік жағдайға талдау жасалып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, алаяқтық фактілерінің алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылын күшейту, профилактикалық шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықпен кері байланысты арттыру бағытында нақты ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
Аталған жобалар аясында алдағы уақытта да аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасатын болады.
Қазалы аудандық прокуратурасы
11 наурыз 2026 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930