Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық кодексіндегі өзгерістерден кейін қазақстандықтардың кей деректері құпия ақпаратқа жатпайды

Салық кодексіндегі өзгерістерден кейін қазақстандықтардың кей деректері құпия ақпаратқа жатпайды

Фото: iStock
Қазақстанда Салық кодексінің кейбір нормаларын өзгерістер енгізу қаралып жатыр. Мұнда салық құпиясы болып саналмайтын мәліметтердің тізімі кеңейтілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсыныстар салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің сегізінші отырысында талқыланды. Мұнда салық кодексін қолдануға қатысты 60 мәселе қаралған.
Салық кодексіне ұсынылған негізгі өзгерістерде: егер мүгедектік тобы жыл ішінде өзгерсе, ең жоғары салықтық шегерім 5 мың немесе 882 АЕК (шамамен 21,6 миллион теңге) көлемінде белгіленуі мүмкін екені айтылған. Одан бөлек:
Несие мен қарыз бойынша пайыздарға электронды шот-фактура (ЭСФ) жазу талаптарын алып тастау ұсынылды.
Несиелер, қарыздар және микрокредиттер бойынша сыйақы бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылды
Сонымен қатар салық құпиясына жатпайтын мәліметтердің тізімін кеңейту жоспарланған. Мысалы, әлеуметтік төлемдердің сомасы, олар бойынша берешек және салық төлеушінің кейбір тіркеу деректері құпия ақпаратқа кірмейді.
Салық құпиясынан мынадай мәліметтерді алып тастау ұсынылады:
- әлеуметтік төлемдер сомасы туралы;
- әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы;
- салық төлеушінің жеке тіркеу деректері.
Әуе отынын қосымша құн салығынан босатып әкелу ережелері нақтыланады. Бұл заңдағы түсініксіз тұстарды жойып, артық құжат талаптарын азайтуға бағытталған.
Одан бөлек, энергетикалық сусындарды экспорттауды акцизден босату ұсынылды. Қазір акцизделетін тауарлар экспортқа шығарылғанда акциз төленбейді. Бірақ ұзақмерзімдік өңдеу кезінде дайын өнімді шикізат иесіне берген сәтте акциз есептеледі. Тіпті тауар кейін экспортталса да. Сондықтан экспортқа арналған мұндай өнімді акцизден босату ұсынылып отыр. Мұндай тәртіп қазір мұнай өнімдеріне қолданылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығын (НДПИ) өндіріс жүргізіліп жатқан өңірдің бюджетіне аудару қарастырылып жатыр. Қазір бұл салық жер қойнауын пайдаланушы тіркелген аймақ бойынша төленеді.
11 наурыз 2026 ж. 68 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031