Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды

Қазақстанда енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды

Фото:freepik.com
Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, мектеп күзетшілеріне жаңа ереже енгізілді. Енді бұл қызметке тек 25 пен 50 жас аралығындағы, арнайы даярлығы бар және сотталмаған азаматтар ғана қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, мектеп күзетшілеріне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді мектептерде жұмыс істейтін күзетшілердің жасы 25 пен 50 жас аралығында болуға тиіс.

Жаңа талаптарға сәйкес, күзет қызметкерлері арнайы даярлықтан өтіп, олардың дене дайындығы да тексеріледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған немесе бұрын сотталған азаматтар мектептерде күзетші болып жұмыс істей алмайды.

Бұған дейін көптеген мектептерде күзет қызметін көбіне зейнеткерлер атқарып келгені белгілі. Алайда жаңа талап күшіне енгеннен кейін кейбір білім беру ұйымдары уақытша күзетшісіз қалған. Себебі наурыз айынан бастап жасы 50-ден асқан қызметкерлер жұмыстан босатылған.

Қазір мектептерде жаңа талаптарға сәйкес келетін күзетшілерді жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін бұл талаптар туралы былтыр да айтылған еді. Сол кезде Қазақстанда білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін күшейту үшін күзет қызметіне бірыңғай талаптар енгізілетіні хабарланған. Жаңа ережеге сәйкес, мектеп пен балабақша күзетшілерінің жасы 25 пен 50 жас аралығында болуы, арнайы дайындықтан өтуі, қару алып жүруге лицензиясы және соттылығы болмауы тиіс екені белгілі болған.
07 наурыз 2026 ж. 322 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31