Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыздағы мерекелерге байланысты елдегі ХҚКО-лар 6 күн жұмыс істемейді

Наурыздағы мерекелерге байланысты елдегі ХҚКО-лар 6 күн жұмыс істемейді

Наурыздағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді
Наурыздағы мерекелерге байланысты елдегі ХҚКО-лар 6 күн жұмыс істемейді
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі
Қазақстанда наурыз айындағы мерекелер кезеңінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, наурыз айында ХҚКО бөлімшелері, оның ішінде кезекші бөлімдер де 6 күн жұмыс істемейді.
Атап айтқанда, 8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күніне байланысты барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда демалыс жарияланған.
Ал Наурыз мерекесі кезінде орталықтар 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері жұмыс істемейді.
25 наурызда тек кезекші бөлімшелер ғана қызмет көрсетеді. Бұл күні азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Қалған күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО бөлімшелері азаматтарға қалыпты жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.



07 наурыз 2026 ж. 273 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31