ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.
25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.













