Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз, қар, боран: Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Аяз, қар, боран: Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Аяз, қар, боран: Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады?
 istockphoto.com
Алдағы мерекелік демалыс күндері Қазақстан аумағында наурыз айына тән тұрақсыз әрі құбылмалы ауа райы болжанып отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, циклондар мен атмосфералық фронттардың ықпалынан елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, қар мен жаңбыр аралас жаууы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Сонымен қатар солтүстікте жаяу бұрқасын байқалса, оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін.
Соңғы күндері елімізде ауа температурасы едәуір жоғарылаған еді. Алайда болжамды кезеңнің соңына қарай жағдай өзгереді. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерге арктикалық суық ауа массаларының енуі күтіледі. Соның салдарынан түнгі уақытта батыста ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін төмендейді. Ал солтүстік-батыс пен елдің шеткі солтүстік аймақтарында түнгі суық 15–25 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Ал оңтүстік пен шығыс өңірлерде керісінше, ауа райы біршама жылы болып, көктемнің жылы лебі сезіле түседі.
Дегенмен синоптиктердің болжамынша, 11 наурыздан бастап температураның төмендеуі елдің орталығы мен шығыс аймақтарына да әсер етуі мүмкін.
06 наурыз 2026 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930