Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыздағы ҰБТ басталды: не білу керек?

Наурыздағы ҰБТ басталды: не білу керек?

Наурыздағы ҰБТ басталды: не білу керек?Фото: testcenter.kz

Бүгін наурызда өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қанша адам өтініш берді?


Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4 пайызы қазақ тілінде, 25,5 пайызы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш білдірген.

Ең көп таңдалған бейінді пәндер

Ең көп таңдалған бейінді пәндер комбинациясы - Математика-Физика, оны талапкерлердің 18,7 пайызы таңдаған. Яғни бұл дегеніміз - болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6 пайызы Биология-Химияны, 10,3 пайызы шығармашылық емтихан пәндерін таңдаған.

Не білу керек?

  • ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады.
  • Талапкер тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш бергендердің сертификаты апелляциялық комиссия шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.
  • 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пән және таңдауы бойынша екі бейінді пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны - 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 20 тапсырма, Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан 10 тапсырмадан, сондай-ақ, екі бейінді пәннің әрқайсынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді: 140 балл.
  • Тестілеу уақыты - 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут сақталады.
Айта кетейік, наурыздағы ҰБТ-ға ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

02 наурыз 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031