Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "+27°С-қа дейін жылиды": Синоптиктер еліміз бойынша наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"+27°С-қа дейін жылиды": Синоптиктер еліміз бойынша наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: freepik.com

Қазгидромет еліміз бойынша наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің консультативтік синоптикалық болжамына сәйкес, ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан шамамен 1°С жоғары болады. Ал оңтүстік-шығыс бөлігінде (Жетісу облысы аумағының көп бөлігінде, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде, сондай-ақ Абай облысының ең оңтүстік-шығыс аймағында) нормаға жуық болады.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп. Ал:
Ақтөбе;
Ұлытау облыстарында;
Маңғыстау;
Қостанай;
Ақмола;
Қарағанды;
Қызылорда облыстарының басым бөлігінде;
Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының шығысында;
Түркістан және Жамбыл облыстарының солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.
“Ай бойы Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы сипатта болады. Жауын-шашын түседі, кей күндері нөсер жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, батыс және оңтүстік жартысында жаңбыр және жаңбыр аралас қар түрінде. Желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады”, – делінген хабарламада.
Наурыз айының бірінші жартысында аязды күндер жылы ауа райына біртіндеп алмасады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде наурыз "қыстың жалғасы" болып саналады. Мұнда қысқа тән суық ауа райы, қар жаууы, боран, жиі көктайғақ пен тұман болжанды. Дегенмен кейбір күндері көктемнің лебі сезіледі. Бірінші онкүндікте түнгі температура -28-38°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз -10-20°С-тан 0,-8°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендейді.
Батыс өңірлерде де наурыз айы құбылмалы, көктемге тән өзгермелі болады. Ай бойы суық пен жылы кезеңдер алмасып отырады. Бірінші онкүндікте түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+7°С-қа дейін ауытқиды.
Оңтүстік жартысында бірінші онкүндікте түнгі температура -8+2°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -3+2°С-тан -8-15°С-қа дейін, кей жерлерде -20-25°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқу күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде кей күндері күндіз +13+22°С-қа дейін, ал оңтүстіктің шалғай аймақтарында +27°С-қа дейін жылынады. Антициклон ықпалымен қысқа мерзімді суық толқындар байқалуы мүмкін.
02 наурыз 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031