Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Британия Украинаға әскер жіберуге дайын

Британия Украинаға әскер жіберуге дайын

фото: shutterstock
Ұлыбритания соғыс болып жатқан Украинаға әскер жіберуге дайын. Елдің Қорғаныс министрі Джон Хили Украинаға әскер жіберген алғашқы британ қолбасшысы болғысы келеді. Бұл туралы ол The Telegraph басылымына мәлімдеді.
«Мен Украинаға британ әскерлерін жіберген қорғаныс министрі болғым келеді. Бұл соғыстың біткенін білдіретін еді», – деп мәлімдеді Хили.
Оның сөзінше, Британ үкіметі одақтастарымен бірлесіп, коалиция құру жайын талқылап жатыр. Яғни Украинаға қолдау көрсетуге дайын елдердің жеке бастама ретінде бірікпекші. Бұл міндетті түрде НАТО аясындағы ортақ шешім емес, бірақ оған мүше кейбір елдер өз еркімен қосылуы мүмкін. Миссияға дайындық аясында Ұлыбритания әскерін техникамен және жабдықпен қамтамасыз етуге шамамен 200 миллион фунт стерлинг бөлуді жоспарлап отыр. Қаржы көлік құралдарын жаңартуға, байланыс жүйелерін жетілдіруге және заманауи дронға қарсы құралдар сатып алуға бағытталады.
Хилидің айтуынша, украиналық әскери қызметшілер қазірдің өзінде НАТО жаттығуларына қатысып жатыр. Сондай-ақ Ұлыбритания тек әскери көмек көрсетіп қана қоймай, украиналық босқындарды да қабылдап жатыр. Олардың саны 167 мың адамнан асады.
Биыл Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталғанына төрт жыл болады. Осы уақыт ішінде Еуропа Украинаға бірнеше рет қаржылай көмек көрсеткен, бірақ әскер жібермеген еді.
Соңғы жылы екі тарап арасында АҚШ-тың қатысуымен бірнеше дүркін кездесу өтті, бірақ нақты мәмілеге келмеді. Кейбір дереккөздердің сөзінше, енді Путин мен Зеленский кездесуі мүмкін. Оған АҚШ президенті де қатысуы мүмкін деген жоспар бар.
23 ақпан 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728