Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Вирус, бактерия, аллергиядан да қорғайды": АҚШ ғалымдары универсалды вакцина жасап шықты

"Вирус, бактерия, аллергиядан да қорғайды": АҚШ ғалымдары универсалды вакцина жасап шықты

Фото: pixabay.com
АҚШ ғалымдары мұрынға қолданылатын спрей түріндегі вакцина әзірлеуде. Ол барлық типтегі тұмау вирустары, суық тию, өкпенің бактериялық инфекциялары және кейбір аллергия түрлерінен де қорғай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Стэнфорд университеті командасы өздерінің "универсалды вакцинасын" жануарларда сәтті сынап көрді және қазір клиникалық зерттеулерге адамдарды қатыстыруға дайындалып жатыр
Ғалымдардың айтуынша, олардың әдісі адамзат пайдаланған дәстүрлі вакциналардан едәуір өзгеше. Сарапшылар жұмыстың нәтижелерін әсерлі деп бағалайды. Бірақ жоба әлі әзірлеу кезеңінде.
Дәстүрлі вакциналар организмді нақты вирусқа қарсы қорғанысқа дайындайды: мысалы, қызылша, сіреспе немесе басқа ауруларға қарсы егілгенде иммундық жүйе тек сол бір ауруға қарсы әрекет етеді. Мұндай әдіс XVIII ғасырдың соңынан бері қолданылады және оны алғаш рет британдық дәрігер Эдвард Дженнер қолданған.
Жаңа әдіс мүлде басқаша жұмыс істейді. Ол иммундық жүйені арнайы әрекетке мәжбүрлемейді, керісінше иммундық жасушалардың өзара ақпарат алмасу табиғи процесін қайталайды.
Вакцина мұрын арқылы енгізіледі және өкпедегі ақ қан жасушалары – макрофагтарды белсенді етеді. Олар инфекцияға қарсы дайын тұрады. Сол арқылы организм тыныс жолына енгісі келетін кез келген микробқа жауап бере алады.

22 ақпан 2026 ж. 197 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930