Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатын қайдан көруге болады

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатын қайдан көруге болады

Бүгін, 22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан көрсетіледі.
Іс-шара көне "Арена ди Верона" амфитеатрында өтеді.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада "Beauty in Action" ("Қозғалыстағы сұлулық") атты шоуымен аяқталады.
Жабылу салтанатына дәстүр бойынша барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады – спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді. Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың 10 түрі бойынша жарысқа қатысты.
Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы – Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.
22 ақпан 2026 ж. 244 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930