Бірнеше республикалық маңызы бар жолдар жабық
istockphoto«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 21 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс туралы мәлімет ұсынды.
Ашық жол учаскелері
Қазіргі уақытта бірқатар өңірде барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашық.
Қостанай облысында:
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 418-539 шақырымы (Қостанай – Қарабалық) және 555-682 шақырымы (Тобыл – Сарыкөл);
– «Мамлютка – Қостанай» автожолының 250-402 шақырымы (Тобыл – Ұзынкөл).
Шығыс Қазақстан облысында:
– «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырымы (Ушановское – Алтай);
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103-1256 шақырымы (Абай облысы шекарасы – Зайсан).
Абай облысында:
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1002 шақырымы (Қалбатау – Көкпекті);
– сол бағыттың 1004-1103 шақырымы (Көкпекті – ШҚО шекарасы).
Батыс Қазақстан облысында:
– «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырымы (Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы).
Ақтөбе облысында:
– аталған жолдың 526-702 шақырымы (Маржанбұлақ – БҚО шекарасы).
Ұлытау облысында:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216-424 шақырымы (Қызылорда облысы шекарасы – Жезқазған);
– «Жезқазған – Петропавл» автожолының 24-137 шақырымы (Сәтбаев – Ұлытау).
Қызылорда облысында:
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырымы (Арал – Қызылорда).
Жабық жол учаскелері
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағытта уақытша шектеу енгізілді.
Абай облысында:
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырымы (Семей – Қалбатау).
Ақтөбе облысында:
– «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр жолы)» автожолының 776-965 шақырымы (Ақтөбе – Қарабұтақ);
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырымы (Қарабұтақ – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысында:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 шақырымы (Қызылорда – Ұлытау облысы шекарасы);
– жоғарыда аталған халықаралық дәліздің 1240-1362 шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал).
Қостанай облысында:
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 218-232 шақырымы (Октябрь – Ақмола облысы шекарасы).
Ақмола облысында:
– «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымы;
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 537-553 шақырымы;
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы;
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ)» автожолының 260-347 шақырымы (Атбасар – Жақсы).
Павлодар облысында:
– «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» көлік айрығында (көпір құрылысының зақымдануына байланысты) қозғалыс шектелген.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында қысқы кезеңде жүк көліктерінің тіркемемен және жартылай тіркемемен жүруіне 46-66 шақырым аралығында шектеу енгізілген.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.










