Жаңа салық Кодексі бойынша көлік салығына енгізілген өзгерістер
Көлік салығы – жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі көлік құралдары үшін төленетін міндетті төлемдердің бірі.Қазақстан Республикасының салық кодексі 2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өзгеруіне байланысты жеңіл авто көліктерге 30% - 50% жеңілдік болатындығын және қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асқан жеңіл көліктер 2013 жылға дейін немесе кейін деген есептілік алынып тасталды.
10 жылдан 20 жылға дейін қоса алғанда 30%
20 жылдан астам пайдалану 50%
Салық техпаспорттағы категорияға сәйкес есептеледі. Яғни, борттық «Газель» B категориясына кірсе, иесі 2026 жылғы салықты жеңілдікпен төлейді. Салық органы мен көлік иесі арасында дау болмайды.
Басқа категориялардағы техникаға қатысты жаңалық жоқ. Жүк көлігі иелері жүк көтергіштігіне, автобус тізгінтейтіндер орын санына, мототехника жүргізушілері қозғалтқыш қуатына қарай есеп айырысады.
Жеке тұлға жаңа салықты 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін, заңды тұлға 5 шілдеге дейін төлеуге тиіс.
Салықтан босатылатындар:
Ардагерлер, Көп балалы аналар (Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа), мүгедектігі бар адамдар.Егерде қозалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асса онда босатылмайды.
Салықты уақытылы төлемеген жағдайда айыппұл мен өсімпұл есептеледі. Сондықтан көлік иелеріне төлем мерзімдерін бақылау және заң талаптарын сақтау маңызды. Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер салық жүйесін оңтайландыруға және жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Әрбір көлік иесі қолданыстағы талаптарды біліп, өз міндеттемесін уақытылы орындауы қажет.
Сонымен қатар,Жеке тұлғалардың көлік құралдарының салығы және т.б сұрақтарыңыз бойыншаӘйтеке би кенті, Қ. Пірімов көшесі, № 3 мекен-жайы бойынша Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан толыққанды кеңес алуға болатындығын хабарлаймыз!











