Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2033 жылы төртінші мұнай өңдеу зауыты іске қосылмақ

Қазақстанда 2033 жылы төртінші мұнай өңдеу зауыты іске қосылмақ

Фото: freepik.com
2033 жылы Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты іске қосылмақ. Ол елде авиакеросин тапшылығын жоюға көмектеседі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, К5 стандартындағы жанармайды көрші елдерге экспорттау басталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады. Оның сөзінше, елімізде энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын қазіргі 18,4 тоннадан жылына 40 миллион тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр.
“Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге қажеттікті толық өтейді. Бұдан бөлек К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз етеді”, – деді вице-министр.
Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.
“2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің (газ өңдеу зауыты) іске қосылуы жылына 2,5 миллиард текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді. Мұнай-газ химиясы секторында басты назар терең өңдеуге бағытталған: полиэтилен, бутадиен және карбамид шығару жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шикізатпен салыстырғанда өнім құнын 20 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылы Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыттың құрылысы одан әрі қарқынды түрде жалғасады. Бұл еліміздің ішкі қажеттіліктерін 100% қамтамасыз етеді”, – деді Тұтқышбаев.
Вице-министрдің айтуынша, кеңейту жобалары мұнай өнімдерінің тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
“2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге жанар-жағармай материалдары экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94% өседі. Ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады”, – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай барлау жұмыстары басталатыны туралы жазған едік.
17 ақпан 2026 ж. 44 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728