"Оңтүстікте – көктайғақ, солтүстікте – боран": Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Фото: shutterstock.com"Қазгидромет" мәліметінше, ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде аяз сақталса, кей аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы –18–30°С-қа дейін төмендеп, күндіз –10–18°С шамасында болады. Кей жерлерде қар жауып, боран соғуы мүмкін.
Шығыс өңірлерде түнде –20–32°С дейін аяз күтіледі, күндіз –12–20°С шамасында сақталады.
Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде –10–25°С, күндіз –5–15°С шамасында болады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде –3–10°С, таулы аудандарда –12–18°С, күндіз 0+5°С дейін жылынады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша кей аймақтарда тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін. Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақ болуға шақырады.












