Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция қабылданса, депутаттардың мәртебесі туралы заңды қайта қарау керек – Азат Перуашев

Жаңа Конституция қабылданса, депутаттардың мәртебесі туралы заңды қайта қарау керек – Азат Перуашев

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституцияда меншікпен байланысты құқықтар қалай жетілдірілгенін айтты.
Фото: видеодан алынған скрин
– «Ақжол» партиясы ұсынған өзгертулердің ішінде меншік ұғымын саралау мәселесі бар. Бұрын мемлекеттік және жеке меншік деген ұғымдар болған. Ал әлем экономикасы әртараптанып, көп қатпарлы болып барады. Муниципалдық меншік, кооперативтік меншік, жария меншік, бірлескен меншік дейтін түрлері шықты. Жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің бәрі бірдей қорғалатыны және барлық түріне кепілдік берілетіні айтылған, - деді ол.
Депутат аталған норма болашақта қолданыстағы заңнаманың біраз бөлігін өзгертуді қажет ететінін еске салды.
– Бұл не деген сөз? Бізге Азаматтық кодексті қайта қарау керек болады. Парламент туралы, депутаттардың мәртебесі туралы заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. Үкімет туралы, Сайлау туралы, басқа да сан қырлы заңдарды жаңа Конституцияға лайықтап шығу керек. Мемлекетті басқару моделі өз алдына бір бөлек тарау болып отыр, - деді Азат Перуашев.
Айта кетейік, Kazinform агенттігінің YouTube арнасында «Референдум-2026» атты онлайн-марафонын тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Сағат 12:00-де басталған онлайн-марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады деп жоспарланған. 

14 ақпан 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728