Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтатылмады

Қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтатылмады

Комитеттің хабарлауынша, «сәтсіз екпелерден» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді / Фото: Shutterstock
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жалған ақпаратты терістеді.
«Әлеуметтік желілерде Қазақстанда «сәтсіз екпелерден» кейін қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтатылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген мәліметте.
Комитеттің пікірінше, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Вакцинация еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде жүргізілуде.
Елде қызылшаның алдын алу үшін қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады.
«Аталған вакцина Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы 1 жас және 6 жастағы балаларды жоспарлы иммундау шеңберінде қолданылып келеді және өзін тиімді әрі қауіпсіз профилактикалық құрал ретінде көрсетті. Бұл вакциналар әлемнің көптеген елдерінде кеңінен пайдаланылады», – делінген ақпаратта.
Қолданылып отырған вакцинаның өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған. Бұл оның сапа, тиімділік және қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.
Аталған вакцинаны қолдануға байланысты әдеттен тыс реакциялар немесе асқынулар тіркелмеген.
Айта кететін жайт, елде фармацевтика саласында 670-тен аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. 
13 ақпан 2026 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930