Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Google-дегі ЖИ-режим деген не және оны қалай қолдануға болады?

Google-дегі ЖИ-режим деген не және оны қалай қолдануға болады?

Фото: ©Pixabay.com
Google іздеу жүйесінде ЖИ-режим (AI Mode) – генеративті жасанды интеллектке негізделген жаңа іздеу форматы. Ол Google Gemini моделінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайдаланушы сұрауына дәстүрлі сілтемелер тізімінің орнына түсінікті жауап ұсынады.
Бұл мақалада Google-дегі ЖИ-режимнің ерекшеліктерін, оның қарапайым іздеуден айырмашылығын және қалай қосуға болатынын қарастырамыз.

Google AI Mode қалай жұмыс істейді?

ЖИ-режимде пайдаланушы сұрау енгізген кезде, жүйе бірнеше сенімді әрі релевантты дереккөзден ақпарат жинап, оны біртұтас жауап ретінде ұсынады. Нәтиже тезистерге бөлініп, мысалдармен толықтырылады және бастапқы дереккөздерге сілтемелер қоса беріледі.
Бұл функция кәдімгі іздеуде кездесетін «ЖИ шолуы» (AI Overview) форматына ұқсас болғанымен, басты айырмашылығы – жауап жеке диалогтық интерфейсте ашылады, яғни пайдаланушы нейрожелімен чат форматында жұмыс істей алады.
ЖИ-режимнің негізгі мүмкіндіктері:
нақтылаушы сұрақтар қоюға болады, жүйе диалогты контекстпен жалғастырады;
әр жауапта бастапқы дереккөздерге сілтемелер беріледі;
дауыс арқылы сұрау енгізу және суреттерді тану мүмкіндігі бар.

Кәдімгі іздеу мен ЖИ-режимнің айырмашылығы

Бір сұрауды екі форматта тексеріп көргенде айырмашылық айқын байқалады.
лассикалық іздеу жүйесі пайдаланушыға сайттар мен сілтемелер тізімін береді – қажетті ақпаратты табу үшін әрқайсысын жеке ашып, талдауға тура келеді. Дегенмен әзірге қазақ тіліндегі сұрауларға жауап беруге қиналады. 
El.kz/скрин
Ал ЖИ-режимде бірден нейрожелімен чат ашылып, бірнеше дереккөзге сүйенген шағын гайд ұсынылады. 
El.kz/скрин
Ақпарат құрылымдалған, артық визуалды элементтер жоқ, негізгі ойлар бірден көзге түседі.
El.kz/скрин

ЖИ-режим не үшін пайдалы?

ЖИ-режим тек ақпарат іздеумен шектелмейді. Оны:
мәтін жазу, редакциялау және аудару;
әлеуметтік желілерге жазба дайындау;
саяхат жоспарлау, маршрут пен бюджет есептеу сияқты тапсырмаларда да қолдануға болады.
Мысалы, нейрожелі стандартты әлеуметтік желіге арналған жазба дайындап береді, ал қажет болса, сол чаттың ішінде-ақ оны өңдеп, жетілдіруге мүмкіндік бар. Саяхатқа қатысты сұрауда ЖИ шамамен бюджет ұсынып, көрікті жерлер бойынша серуен кестесін де құрастырады.

Маңызды ескерту

Google-дің өзі де ЖИ ұсынған ақпаратты міндетті түрде тексеру керегін ескертеді. Функция әлі даму кезеңінде болғандықтан, кейде қателік немесе нақтылауды қажет ететін жайттар болуы мүмкін. Сондықтан жауаптарды бастапқы дереккөздермен салыстырып, фактчекинг жүргізу маңызды.
Сонымен қатар эксперименттік форматта Deep Research – сұрауға терең талдау жасау функциясы бар. Ол жүздеген дереккөзді өңдеп, егжей-тегжейлі есеп дайындайды. Алайда бұл мүмкіндік әзірге АҚШ-тағы Google AI Labs жазылушыларына ғана қолжетімді (Google AI Pro немесе AI Ultra тарифтері).

Google-де ЖИ-режимді қалай қосуға болады?

Google сайтындағы іздеу жолағына сұрауды мәтінмен немесе дауыспен енгізіңіз.
El.kz/скрин
Қажет болса, сурет қосуға болады.
El.kz/скрин
«ЖИ режимі» немесе AI Mode батырмасын таңдаңыз.
Жауаптың астында дереккөздерге сілтемелер, соның ішінде тақырыпқа сай видеолар көрсетіледі. Сол чатта қосымша сұрақ қойып, жауапты нақтылай аласыз.
Google-де іздеу тарихын сақтау функциясы бар. Ол диалогты кейін жалғастырып, тоқтаған жерден қайта бастауға мүмкіндік береді.
Google-дегі ЖИ-режим – дәстүрлі сілтемелер тізімінің орнына, Gemini моделіне негізделген жасанды интеллект бірден құрылымдалған жауап ұсынатын жаңа іздеу форматы.
ЖИ-режим күрделі сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, диалог жүргізеді, мәтінмен, дауыспен және суреттермен жұмыс істейді. Оны қосу үшін Google іздеу жолағында сұрау енгізіп, «ЖИ режим» батырмасын басу жеткілікті.
13 ақпан 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728