Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет ауа райы болжамын жоғары дәлдікпен суперкомпьютерде есептейді

Қазгидромет ауа райы болжамын жоғары дәлдікпен суперкомпьютерде есептейді

Қазгидромет ауа райы болжамын жоғары дәлдікпен суперкомпьютерде есептейді
Фото: Қазгидромет сайтының скриншоты
«Қазгидромет» РМК әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарында Қазақстан аумағы үшін кеңістіктік ажыратымдылығы 2 км болатын Weather Research and Forecasting сандық ауа райын болжау моделін іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz мекемеге сілтеме жасап.
Жоба Экология және табиғи ресурстар министрінің қолдауының арқасында жүзеге асты. Бұл ынтымақтастық – елдегі ғылымды дамытуға және халық пен мемлекеттік органдарды метеорологиялық қызметпен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ суперкомпьютерінде WRF моделі күн сайын автоматты түрде іске қосылады. Нәтижесінде Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, жел параметрлері және метеограммалар бойынша болжамдар қалыптастырылады.
Айта кету қажет, мекеме сайтында «Ауа райының сандық болжамы» бөлімінде барлық пайдаланушы модель есептеуінің нәтижесін және ел аумағы бойынша болжам картасын көре алады.
Еске салсақ, Қазақстан мен Қырғызстан гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты қайта жандандырды.
13 ақпан 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728