Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет дауылды ескерту жариялады: оңтүстікте өзендер тасуы мүмкін

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады: оңтүстікте өзендер тасуы мүмкін

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен аязды ауа райы сақталса, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды күн болады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
«Оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда кей уақытта қатты қар жауады деп болжанып отыр», — делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -26-28, күндіз -12-14 градус аяз.
Алматыда күн құбылмалы, мезгіл-мезгіл қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6 градус аяз, күндіз 0,+2 градус жылы.
Шымкентте күн құбылмалы, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +7+9 градус жылы.
Еліміздің солтүстік, орталық және батыс өңірлерінің басым бөлігінде, атап айтқанда Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күн жауын-шашынсыз болады.
Ал Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында қар аралас жаңбыр, таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін.
Синоптиктер сондай-ақ маңызды ескерту жасады.
«Алдағы тәулікте оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы өзендерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі», — деп ескертті мамандар.
Фото: pixabay.com
13 ақпан 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728