Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың ғарыштық тәжірибесі: орбитада алғаш рет көбелек шықты

Қытайдың ғарыштық тәжірибесі: орбитада алғаш рет көбелек шықты

Чунцин университетінің зерттеушілері бірегей ғарыштық тәжірибе жүргізілгенін хабарлады. Жер орбитасында ұшып жүргенде қуыршақтан көбелек шығып, өмірге келді, деп хабарлайды Xinhua.

Фото: Pexels
Бұл оқиға ғалымдарға жердегі организмдердің микрогравитация жағдайында тіршілік етіп, дамуға қабілеті туралы маңызды деректер алуға мүмкіндік берді.

Қуыршақ университет мамандары жасаған шағын тәжірибелік экожүйелік модульге орналастырылған. Құрылғы Kuaizhou-11 Y8 зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды.

Пайда болған көбелек капсула ішінде қозғалып, өсімдіктердің жапырақтарына қонып, қанаттарын қаққан, осылайша салмақсыздыққа бейімделу қабілетін көрсетті. Телеметриялық деректер герметикалық модуль ішінде қысым, температура және ылғалдылық көрсеткіштері тұрақты сақталғанын растады.

Ғалымдардың айтуынша, микрогравитация жабық экожүйелердің жұмысын едәуір қиындатады: сұйықтықтардың мінез-құлқы өзгереді, ал қоректік заттардың тасымалдануы тиімсіз бола түседі.

Соған қарамастан, команда бірқатар инженерлік мәселені, соның ішінде жоғары ылғалдылық жағдайында магний қорытпасының тотығу проблемасын шешкен.

Бас конструктор Се Гэнсинь массасы 8,3 кг болатын жеңіл әрі берік құрылым шағын экожүйені сенімді қорғауды қамтамасыз ететінін айтты. Ол Жердегі негізгі табиғи циклдерді қайталап, оттегі өндіретін және болашақта азық көзі бола алатын өсімдіктерді қамтиды.

Оның сөзінше, ғарышта көбелектің пайда болуы — тек биологиялық тәжірибе ғана емес, орбитада өмірді қамтамасыз ететін күрделі жүйелердің ұзақ уақыт жұмыс істей алатынын дәлелдейтін маңызды нәтиже.

Еске салайық, бұған дейін NASA астронавтарға ғарышқа смартфон алып ұшуға рұқсат бергені хабарланған болатын.

08 ақпан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728