Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз алып қашу туралы ән айтатын әншілерге шектеу қойылады

Қыз алып қашу туралы ән айтатын әншілерге шектеу қойылады

Фото: Pixabay
Енді Қазақстанда отандық әртістердің гастрольдік қызметі мен орындайтын репертуары Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында болады. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, әртістердің ел аумағындағы концерттері жергілікті әкімдікпен жасалатын арнайы келісімшарт негізінде ұйымдастырылады. Аталған құжатта орындаушының міндеттері нақты көрсетіледі және бұл талаптардың сақталуын тек жергілікті билік қана емес, Мәдениет және ақпарат министрлігі де қадағалайды.

Репертуарға талап күшейтіледі

Вице-министрдің сөзінше, келісімшарттағы негізгі талаптардың бірі - әртіс орындайтын әндердің мазмұны. Атап айтқанда, репертуар:
  • ұлттық құндылықтарға қайшы келмеуі;
  • қоғамның негізін шайқалтатын идеяларды таратпауға;
  • порнографияны, есірткі қолдануды немесе өзге де заңға қайшы әрекеттерді насихаттамауға тиіс.
Келісімшартта әртіс орындауға міндетті және бұзбауға тиіс талаптар нақты көрсетіледі. Бұл талаптар, ең алдымен, орындалатын композициялардың мазмұнына қатысты. Әндер ұлттық құрылымға зиян келтірмеуі, порнографияны, есірткі тұтынуды немесе басқа да заңсыз контентті насихаттамауы керек, - деді Евгений Кочетов.

Қыз алып қашуды насихаттайтын әндер 

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі қыз алып қашуды насихаттайтын әндерге қатысты ұстанымын да ашық білдірді. Вице-министр бұл тақырыптағы шығармалар қоғамда теріс реакция тудырып отырғанын атап өтті.
Бұл мәселеге біз міндетті түрде назар аударамыз. Өйткені қазақстандық әртістерді тек оңтүстік өңірлерде ғана емес, шетелде де тыңдайды. Сондықтан мұндай тақырыптарға бейжай қарауға болмайды, - деді ол Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, министрлік отандық орындаушыларға қыз алып қашуды насихаттайтын әндерді репертуарынан алып тастау жөнінде ұсыным сипатындағы кеңес береді.
Соңғы уақытта кейбір өңірлерде қыз алып қашуға қатысты оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы орайда біз БАҚ өкілдерінің қолдауына да үміт артамыз. Қоғамның өзі де әртістерді басқа, оң мазмұндағы тақырыптарға бет бұруға ынталандырады деп сенеміз, - деді вице-министр.
07 ақпан 2026 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728