Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бес балдық жер сілкінісі болды

Қазақстанда бес балдық жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay.com
28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті:

    Меркі – 5 балл;
    Құлан – 4 балл;
    Шу – 2 балл;
    Төле би – 2 балл;
    Сарыкемер – 2 балл;
    Тараз қаласы – 2 балл;
    Қордай – 2 балл;
    Аса – 2 балл;
    Мойынқұм – 2 балл;

Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және видеоконференция өтті.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылап жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, қауіп жоқ”, – деп толықтырды ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік бойынша Қытаймен ынтымақтастық орнатқаны туралы хабарлаған едік. Енді зілзала туралы алдын ала ақпарат беретін станциялар саны көбейіп, қытайлық мамандар тәжірибесін бөліседі.
28 наурыз 2025 ж. 465 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 24

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031