Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында тұрғындар 100 пайыз таза ауызсумен қамтылды

Қазалы ауданында тұрғындар 100 пайыз таза ауызсумен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған еді. Осыған сәйкес, Қазалы ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде, аудан тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.
- Ауыз сумен қамту бойынша өткен жылы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, республикалық,облыстық және арнайы есеп шоттан тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, аталған елді мекендерге таза ауыз су пайдалануға берілді. Сонымен қатар, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. “Ауыл - ел бесігі” жобасы аясында Қожабақы ауылының электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы Әйтеке би кентінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 80 отбасы баспаналы болды.
- Ауданда елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Жалпы, ауданда жалпы газбен қамтудың индикаторлық үлесі елді мекендер бөлінісінде 21,4 пайызды құрайды. Ал, жеке тұрғын үйлердің 75,8 пайызы көгілдір отынға қосылған.
Өткен жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толық қосылып, ауданымыз 75 пайызға газбен қамтылып отыр.
Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2026 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде,- деді Алмасбек Есмаханов.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 ақпан 2026 ж. 79 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728