Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция: Үкіметтің рөлі мен жауапкершілігі

Жаңа Конституция: Үкіметтің рөлі мен жауапкершілігі

Жақында ел назарын өзіне аудартқан Конституцияға өзгерістер енгізу мақсатында өткен Конституциялық комиссия отырыстарының нәтижесі бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық сотының ресми сайтында жарияланды. Бұл әрекет ашықтық пен қоғамға есеп беру деп бағалаймын.
Конституциялық комиссия жаңа Ата Заң жобасын халыққа ұсынды. Жаңа Конституция – еліміздің бағытын айқындайтын, болашағын бағдарлайтын маңызды құжат. Ол өткенімізді бағалай отырып, ұлттық құндылықтарымызға сүйеніп жасалды.
Жаңа Конституцияның мазмұны мен құрылымы едәуір жаңартылды. Құжаттың барлық бөлімдеріне және 77 бабына өзгеріс енгізіліп, жалпы мәтіннің 84%-ы жаңартылған. Жобада Преамбула, 11 бөлім және 95 бап ұсынылған.
Мен осы 11 бөлімнің ішінен, халыққа ең маңызды болып көрінетін бесінші бөлімге тоқталғым келеді. Бесінші бөлім: «Үкімет» деген атаумен 63-баптан басталып, 69-бапқа дейінгі 7 баптан тұрады.
Бөлімдегі басты жаңалық – Үкіметтің өкілеттігі жаңадан сайланған Құрылтай алдында аяқталатыны. Яғни, жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін Үкімет өзінің қызметін тоқтатып, жаңа Құрылтай алдында қайта есеп береді.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың жұмысын үйлестіреді. Бұл алқалы орган өз қызметінде Президентке де, Құрылтайға да жауапты.
Үкіметтің құрамы Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылады.
Бұл өзгерістер Үкіметтің жауапкершілігін арттырады, билік пен халық арасындағы есептілікті күшейтеді. Ең бастысы, жаңа жүйе еліміздің демократиялық жолындағы сенімді қадам.
Қасқырбай ӘЛІМБАЙ,
Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-ның директоры 
31 қаңтар 2026 ж. 196 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031