Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
30–31 қаңтар күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлап, қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, дауылды ескерту Астана мен Шымкентті қоса алғанда, елдің 16 облысына қатысты жарияланған.
Астанада 30 қаңтар күні қалың тұман түседі. Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында да көріну қашықтығы төмендеп, ал солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда жел жылдамдығы 20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түстен кейін батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, төменгі боран соғады. Оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, Петропавлда 20 м/с шамасында болады.
Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында және Қарағанды қаласында тұман түседі. Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жезқазған қаласында да осындай жағдай сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Өскемен қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман болады. Абай облысының бірнеше ауданында және Семейде де көріну қашықтығы нашарлайды. Аягөз ауданында жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында қарлы боран соғып, жел екпіні 15–20 м/с болады, ал кей аудандарда тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі. Жетісу облысының бірқатар аумақтарында қолайсыз ауа райы сақталып, Алакөл маңында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, төменгі боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында да қарлы боран соғып, облыс орталықтары – Шымкент пен Түркістанда кей уақытта тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіліп, жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Қостанай облысында да жел күшейіп, тұман басады.



30 қаңтар 2026 ж. 119 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031