Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда емханаларға тіркелу жүйесіне өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда емханаларға тіркелу жүйесіне өзгерістер енгізілмек

Фото: Ru.freepik.com
Қазақстанда емханаларға тіркелу жүйесіне өзгерістер дайындалып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі жылдағыдай медициналық ұйымдарды өз еркімен таңдау бойынша күзгі науқаннан бас тартып, МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін емханаларға қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін емханаларға еркін тіркелу бойынша жыл сайын өтетін науқан енді болмауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінде азаматтар жүйені жақсы меңгергендіктен медициналық ұйымды таңдау үшін арнайы кезеңнің қажеті жоқ деп санайды. Жаңа ережелерге сәйкес, азаматтар емхананы өз қалауы бойынша кез келген уақытта ауыстыра алады. Алайда тіркелуге тек ресми тіркеуі бар өңірде ғана рұқсат етіледі.

“Біз әрбір азаматтың емхананы өз еркімен таңдау құқығын сол күйінде қалдырамыз. Алайда бұл құқықты жылына бір рет немесе екі рет пайдалану мүмкіндігі қарастырылып отыр. Нақты қандай шешім қабылданатынын кейінірек хабарлаймыз”, – деді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы Әсел Хасенова.
Тағы бір маңызды жаңашылдық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін емханаларға қойылатын талаптар қайта қаралады. МӘМС қоры кемінде 10 мың науқас тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен ғана жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, көбіне шағын емханалар диагностика мен консультацияларды қосалқы орындаушыларға (аутсорсингке) беріп, ал жан басына шаққандағы қаржыландыруды өздері алады екен.

“Шын мәнінде, экономикалық тиімділік ұйым нық қалыптасып, зертханалық қызметтер сияқты қажетті қызметтерді өз бетінше сатып ала алғанда және қызметкерлеріне тұрақты жалақыны кепілдей алған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Мұндай мүмкіндік ұйымға кемінде 10 мың адам тіркелген кезде ғана беріледі. Қазір ешкім бұл емханаларды жаппайды. Бірақ енді оларға бірігіп, ауқымын кеңейту қажет”, – деді Әсел Хасенова.
Алайда сарапшылар ұсынылып отырған өзгерістер науқастардың медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігін шектеуі мүмкін екенін ескертеді. Олардың пікірінше, емханаларды біріктіруден гөрі жалпы практика дәрігерлерін дамытуға және мобильді алғашқы медициналық көмекті күшейтуге басымдық беру қажет.

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласына қатысуына жеке тұлғаларға, яғни жалпы практика дәрігерлеріне де жол ашу керек. Керісінше, мобильді бригадалардың болғаны, үй жағдайында стационарлық көмек көрсетілуі үшін жағдай жасау қажет”, – дейді балалар неврологы, медицина саласының сарапшысы Қайырғали Конеев.
Денсаулық сақтау министрлігінде аталған өзгерістердің әзірге талқыланып жатқанын мәлімдеді.
29 қаңтар 2026 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031