Емханаға тіркелу мәселелері бойынша брифинг
Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді. Ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін медициналық ұйымды таңдау құқығын аймақтын 3 939 тұрғыны пайдаланды. Олардың көпшілігі 2 511 бастапқы медициналық-санитариялық қызмет (бұдан әрі – БМСҚ) көрсететін медициналық ұйымына өтініш беру арқылы тіркелсе, қалған 1 428 адам онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).
Тіркелген азаматтардың жалпы санының басым көпшілігі – 50,1 % (1 970 адам) мемлекеттік емханаларда тіркелген, ал қалған 49,9 % (1 969 адам) жеке клиникаларды таңдады.
Өткен жылы аймақтын 4 211 тұрғыны тіркелу науқаны аясында емхана таңдау құқығын пайдаланған. Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі - 54,3 % (2 288 адам) жеке меншік емханаларда тіркелген, қалған 45,7% (1 923 адам) мемлекеттік емханаларды таңдаған.
Алайда, 7 мыңдай қызылордалықтар денсаулық сақтау жүйесінен тыс қалып отыр, өйткені алғашқы медициналық-санитарлық көмек оған кіретін қақпа болып табылады.
Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу - бұл ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін алу үшін қажетті шарт. Үйде медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріңізге тікелей жақын жерде тіркелгеніңіз жөн.
Тіркелу науқаннан тыс кез-келген уақытта БМСК ұйымын бірнеше жағдайда өзгертуге болатындығын атап өткім келеді. Егер адам өзінің тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқу орының өзгерткен болса, басқа елді мекенге қоныс аударған болса, сондай-ақ емхана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, еліміздің кез келген азаматтың жылына бір рет тұрғылықты жері аймағы бойынша емхананы ауыстыруға құқығы бар.
Егер БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қызмет көрсету аймақтан тыс жерде тұратын азаматқа бұл емханаға тіркелуге бас тартылуы мүмккін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейін, электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық - санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.
Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.
Аймағымызда биылғы тіркеу науқанына 21 медицина ұйым қатысты. Оның 8-і – жеке медициналық ұйымдар. Аталған емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек. Науқан қорытындысы бойынша тіркелгендердің жалпы санынан 3 939 адамның басым үлесі 1 471 түрғыны «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС емханасына тіркелді.
Айта кету керек, алғашқы медициналық - санитариялық көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.
Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған ТМКК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқорындың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы және «Колдау 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Бақыт ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ,
«ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының
директоры Исмаханбетов