Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан мигранттар құқығына байланысты Ресейді сотқа берді

Қырғызстан мигранттар құқығына байланысты Ресейді сотқа берді

Фото: freepik.com
Қырғызстан Ресейдің еңбек мигранттары жөніндегі келісімді орындамауына байланысты ЕАЭО сотына талап арыз түсірді.
Бұл туралы 27 қаңтарда Жогорку Кенеш отырысында Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Муканов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.
Комитет мүшелері Ресей Федерациясындағы еңбек мигранттарын медициналық көмек алу үшін сақтандыру полистерін беру арқылы қолдау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрағанда, Азамат Муканов бұл мәселе бойынша Қырғыз Республикасы ЕАЭО сотына жүгінгенін айтты.
Оның айтуынша, ЕАЭО-ға мүше бес ел арасында еңбек мигранттарына қатысты келісім бар. Алайда бүгінгі таңда Ресей тарапы осы келісімнің 96–97-баптарын бұзып, еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру полистерін беруден бас тартқан.
«Қырғыз Республикасы ЕАЭО сотына жүгінді, қазіргі уақытта іс қаралып жатыр. Шешім екі апта ішінде шығарылады», – дейді Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы.
Ол Ресейдің вице-премьері Алексей Оверчуктің Қырғызстанға сапары кезінде де осы мәселенің көтерілгенін атап өтті.
28 қаңтар 2026 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31