Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «E-gov-ты пайдалана алмайды»: елімізде шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді

«E-gov-ты пайдалана алмайды»: елімізде шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді

Емханаға тіркелгеннен кейін еңбек мигранттары МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалана алады.
Қазақстанда дәстүрлі емханаға тіркеу науқаны 15-қыркүйекте басталады. Шетел азаматтары бұл мүмкіндікті пайдалана ала ма, олар емханаға қалай тіркеледі? Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев жаңа қағидаларды түсіндірді. Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, кампания барысында қазақстандықтармен бірге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері де емханаға тіркеле алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биыл шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді. Енді олар емханаға ерікті медициналық сақтандыру немесе жүктелген медициналық сақтандыру келісімшарты арқылы ғана тіркеле алады. Бұл полистер арқылы олар бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін пайдалана алады», - деді филиал басшысы.
Шетелдік еңбек мигранттары E-gov арқылы тіркеле алмайды. Тіркелу үшін емхана басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазылады. Өтінішпен бірге паспорт, ерікті немесе жүктелген медициналық сақтандыру полисі қоса беріледі.
Еліміз бойынша аталған келісімшарттарды 7 жеке меншік сақтандыру компаниясы арқылы рәсімдеуге болады.
«Тіркелгеннен кейін еңбек мигранттары МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалана алады. Мысалы, қажетті консультативтік-диагностикалық қызметтер, жоспарлы стационарлық көмек, медициналық оңалту сынды тағы да басқа көмек түрлері қолжетімді болады», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Еңбек мигранттарының өздері МӘМС жүйесіне жұмыс беруші тарапынан жасалған жарналар мен аударымдар арқылы қатысады. Ал, 18 жасқа толмаған балалары мемлекет тарапынан сақтандырылса, олардың жұбайлары (зайыбы) өзін-өзі сақтандырушы ретінде алдағы 12 айға жарна төлеуі қажет.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда тұрақты тұратын, ықтиярхаты бар шетелдіктер ел азаматтарымен бірдей құқықтарға ие. Олар емханаға бұрынғыша кедергісіз тіркеле алады.
Ал, Еуразиялық Одаққа кірмейтін елдердің азаматтары емханаға тіркеле алмайды және МӘМС қызметін пайдаланбайды, медициналық көмек оларға тек ақылы түрде көрсетіледі.
14 қыркүйек 2023 ж. 224 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 151

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031