Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халыққа қолайлы қызмет

Халыққа қолайлы қызмет

Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде жүргізуші куәлігін алу үдерісін жеңілдетуге бағытталған инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. «Автоматтандырылған электронды емтихан алаңы құрылысы (2-кезең)» жобасы өңір тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі саналады. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары мен көлік жүргізушілерін даярлау және жүргізуші куәлігін алу үдерісін жеңілдету бағытындағы мемлекеттік саясат аясында қолға алынып отыр.
Жобаның басты мақсаты – халқы 180 мыңнан асатын Қазалы, Арал және Қармақшы аудандары тұрғындарына жүргізуші куәлігін алу барысында қолайлы әрі ашық жағдай жасау. Бұған дейін облыс орталығына барып, емтихан тапсыруға мәжбүр болған тұрғындар үшін бұл нысан үлкен жеңілдік болмақ. Енді азаматтар теориялық және практикалық сынақтарды өз аудандарында тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
Оқу автодромының мүмкіндіктері мол. Жоба аясында салынатын оқу автодромы «А», «В», «С» және «D» санаттары бойынша жүргізушілерді көлік басқаруға үйретуге арналған. Автодромда заманауи талаптарға сай жол белгілері, бағдаршамдар, маневр жасауға арналған алаңдар мен түрлі қозғалыс элементі орналастырылатын болады. Бұл жүргізуші үміткерлерінің нақты жол жағдайына барынша жақын ортада тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Теориялық емтихан және автоматтандыруға орай жоба бойынша теориялық сынақ тапсыруға арналған арнайы ғимараттың құрылысы жүргізіледі. Онда компьютерлік сыныптар, емтихан қабылдайтын залдар, диспетчер кабинеті және автоматтандырылған қондырғылармен толық жабдықтау көзделген. Барлық емтихан үдерісі электронды форматта жүзеге асырылып, адами факторды азайту арқылы ашықтық пен әділдік қамтамасыз етіледі.
Қаржыландыру және іске асыруда жобаның болжамды құны – 150 миллион теңге. Қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарына, инженерлік инфрақұрылымды тартуға, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған жабдықтарды орнатуға бағытталмақ. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Басқару және қызмет көрсету бағытына да ерекше мән берілген. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін, жүргізуші куәлігін беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін нысан арнайы қызмет көрсету құқығы бар ұйымға конкурс тәсілімен сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Бұл қызмет сапасын арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтің қолжетімді әрі тиімді болуына ықпал етеді.
Аймақ тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор. Аталған жоба уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға да оң әсерін тигізеді. Жүргізушілерді кәсіби әрі сапалы даярлау арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.
Қорыта айтқанда, «Автоматтандырылған электронды емтихан алаңы» Қазалы ауданы ғана емес, көршілес аудандар үшін де маңызды, заманауи талаптарға сай әрі тұрғындар сұранысына жауап беретін стратегиялық жоба болып табылады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

27 қаңтар 2026 ж. 122 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 116

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 120

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 123

Рухты жастың темірқазығы

27 қаңтар 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031