Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда маймыл шешегінің жаңа қауіпті штамы анықталды

Үндістанда маймыл шешегінің жаңа қауіпті штамы анықталды

Вирус бұған дейін Африкада анықталған Clade Ib штамы болып есептеледі. 
Фото: pixabay.com
Дәрігерлер оның вируленттілігі жоғары екенін және жұғу ықтималдығы күшті екенін атап отыр.
Үндістанның Керала штатында маймыл шешегінің жаңа қауіпті штамы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Зерттеу нәтижелері Үндістан медициналық зерттеулер кеңесі (ICMR), вирусология институты және бірқатар диагностикалық зертханалардың бірлескен жұмысы барысында алынған.
Мамандар жүргізген генетикалық талдау жаңа штаммның таралуы шетелге сапарлармен байланысты екенін және аурудың адамнан адамға жұғатынын көрсетті.
Билік өкілдері науқастармен байланыста болған 180 адамды тексеріп, оның ішінде 20 адамды карантинге алған.
Мамандардың мәліметінше, Кералада расталған диагнозы бар 10 науқастың 9-ы бұған дейін шетелге шыққан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін әлем бойынша 79 елде 30 022 жағдай тіркеліп, 119 адам қайтыс болған. Ең көп жағдай Африка елдерінде байқалған.
Маймыл шешегі – сирек кездесетін вирустық инфекция. Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және денеге бөртпенің шығуы. Жеңіл жағдайда инфекция әдетте 14-21 күн ішінде өздігінен жазылып кетуі мүмкін.
26 қаңтар 2026 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031