15 мың адамға жұғып үлгерген маймыл шешегінің белгілері қандай?
Фото: ДДСҰ ресми сайты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Африкада маймыл шешегінің өршуі жайлы мәлімдеді. Сарапшылар бұл жағдайды төтенше жағдай деп атады және бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретінін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Африкада маймыл шешегінің өршуі жайлы мәлімдеді. Сарапшылар бұл жағдайды төтенше жағдай деп атады және бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретінін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Вирус Конго Демократиялық Республикасында тарала бастаған. Оған қоса, аурудың Clade Ib деп аталатын жаңа, жұқпалырақ штамы пайда болды. Ол Африканың басқа елдерінде де анықталды: Бурунди, Кения, Руанда және Уганда. Соңғы айда маймыл шешегінен 90 адам қайтыс болды. Егер жалпы статистиканы алсақ, 2024 жылы оны 15 мыңнан астам африкалық жұқтырды, 537-сі қайтыс болды.
Өткен аптада Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вирустың кем дегенде Африканың 13 елінде таралғанын хабарлады. Өткен жылмен салыстырғанда жағдайлардың саны 160%-ға, ал өлім-жітім 19%-ға өсті.
Сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде оны жұқтырғандар көп. Себебі халықтың көп бөлігі тексерілмеген.
Маймыл шешегінің белгілері:
лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
бұлшықеттердің ауырсынуы;
тамақ ауыруы;
бас ауыруы;
арқаның тартып ауыруы;
әлсіздік;
бөртпе;
қызудың көтерілуі.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, маймыл шешегін бастапқы кезеңдерде басқа аурулармен шатастырып алу оңай: желшешек, қышыма, қызылша, мерез, әртүрлі тері инфекциялары және тіпті дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциялар.
Аурудың айрықша белгісі - бүкіл денеге шығатын үлкен бөртпелер.
Инкубациялық кезең 5 күннен 21 күнге дейін созылады. Ауру әлсіздік, жоғары температура, бас және бұлшықеттер ауыруынан басталады. Бірнеше күннен соң басқа да белгілер, соның ішінде бөртпе пайда болады. Вирус ауа-тамшылы жолмен және қол алысу секілді жанасу арқылы беріледі. Мамандар қазір маймыл шешегі жыныстық жолмен де берілетінін айтты.