Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ арқылы қолданылған фото мен бейнежазбаға авторлық құқық беріле ме

ЖИ арқылы қолданылған фото мен бейнежазбаға авторлық құқық беріле ме

Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда синтетикалық түрде жасалған контентті міндетті түрде таңбалау талабы енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте түсіндірді.
Іnformburo.kz-тің жазуынша, биылғы 18 қаңтардан бастап Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне еніп отыр. Құжатқа сәйкес, тауар, жұмыс немесе қызметтер жасанды интеллектіні қолдану арқылы жасалған болса, бұл туралы пайдаланушылар міндетті түрде хабардар етілуі тиіс. Ал синтетикалық контент машинамен оқылатын форматта таңбаланып, қолданушыға түсінікті ескерту белгісімен қатар жүруі қажет.
Депутаттың айтуынша, ЖИ жүйелерінің синтетикалық нәтижесі - шын мәнінде болмаған оқиғаны имитациялау. Егер фото немесе бейнежазба нақты болған оқиға орнында түсіріліп, тек өңделсе (түстерін түзету, монтаж, мәтінді редакциялау секілді) және оның негізі шынайы болса, мұндай материал синтетикалық контентке жатпайды. Яғни бұл Photoshop сияқты бұрыннан қолданылып келе жатқан құралдармен жасалатын техникалық өңдеу болып саналады және міндетті таңбалауды қажет етпейді.
Ал ойдан шығарылған видео, жасанды түрде жасалған бейне немесе контент болса, міндетті түрде белгі қойылуы керек. Басқа жағдайларда ЖИ-ді тек құрал ретінде қолдануға шектеу жоқ.
Сонымен бірге, контентті таңбалау жауапкершілігі ЖИ жүйесінің иесіне немесе иелік етушісіне жүктеледі. Дипфейктерді заңсыз қолдану да жауапкершілікке әкеледі. Бұл бағытта Қылмыстық кодекске ауырлататын мән-жайлар бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Смышляеваның сөзінше, дипфейктерді алаяқтық мақсатта да, білім беру немесе журналистика сияқты оң бағытта да қолдануға болады. Мысалы, кейбір тележурналистердің сандық аватарлары бар. Мұндай жағдайда ең бастысы - адамның келісімін алу және жеке деректерді қорғау туралы заңды сақтау. Ал дипфейк алаяқтыққа, қаржылық шығынға немесе адамның беделіне нұқсан келтіруге пайдаланылса, бұл ауырлататын жағдай ретінде қаралады.
Таңбалау талаптарын бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ жақын уақытта дипфейктерді заңсыз пайдаланғаны үшін жазаны қатаңдату жөніндегі шешімдер жарияланбақ.
24 қаңтар 2026 ж. 131 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 138

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031