Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Ұлттық қордан балалар шотына қанша ақша түседі?

Биыл Ұлттық қордан балалар шотына қанша ақша түседі?

Фото: freepik.com
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте биыл Ұлттық қордан балалар шотына қанша доллар аударылатыны туралы сұраққа жауап берді.

Сүлейменовтің айтуынша, нақты сома 1 ақпанда ресми жарияланған кезде белгілі болады, өйткені төлемдер балалар санына байланысты есептеледі: жаңа туған сәбилер, шетелге қоныс аударатын балалар, сондай-ақ азаматтығынан айырылатын балалар да ескеріледі.
«Алдын ала деректерге сәйкес, төлем мөлшері шамамен өткен жылғы деңгейде болады – әр балаға 130 доллар көлемінде», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Сондай-ақ ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың табысы туралы мәлімет беріп өтті.
«Қорды басқарудан түскен табыс 8,7 млрд доллар болды, бұл доллармен есептегенде жылдық 15 пайызға тең. Екеуі де рекордтық көрсеткіш, қорды басқару тарихында бұрын-соңды мұндай нәтиже болмаған», – деп атап өтті Сүлейменов.
Айта кетейік, таяуда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша ақпарат жариялап, балаларға арналған қаржы шотқа осы жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей аударылатынын хабарлаған еді.
23 қаңтар 2026 ж. 145 0

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031