2026 жылы балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады?
2026 жылы балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады?
Фото: depositphotos.com
2026 жылы "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясындағы төлемдер қандай болады? Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сүлейменовтің айтуынша, нақты сома 1 ақпанда ресми түрде жарияланған кезде белгілі болады, себебі есептелетін төлемдер балалар санына байланысты: жаңа туған сәбилер, шетелге көшіп кеткен балалар, сондай-ақ азаматтығынан айырылғандар ескеріледі.
"Алдын ала деректерге сүйенсек, төлем көлемі былтырғы деңгейге шамалас болады, бір балаға шамамен 100–130 доллар", - деді Ұлттық банк басшысы брифинг барысында.
Сондай-ақ, ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі туралы айтты.
"Қорды басқарудан түскен табыс 8,7 миллиард доллар болды, бұл доллармен есептегенде жылдық 15 пайызға тең. Бұл екеуі де рекорд көрсеткіш, қорды басқару тарихында мұндай нәтиже бұрын-соңды болмаған", - деді Сүлейменов.
Оның сөзінше, жоғары табыстылық ірі трансферттер мен қаражатты алуларға қарамастан, Ұлттық қордың өсуін жалғастыруына мүмкіндік берген.











