Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам дамуына арналған ашық алаң

Қоғам дамуына арналған ашық алаң

Қызылорда қаласында өткен құрылтай – ел өміріндегі өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік беріп отырған маңызды қоғамдық алаң. Тарихи Сыр өңірінде ұйымдастырылған бұл жиынның мәні ерекше. Себебі, Қызылорда – ұлттық мемлекеттілік пен рухани құндылықтар қалыптасқан, ел тарихында өзіндік орны бар аймақ.
Құрылтай аясында әлеуметтік-экономикалық даму, аймақтардың әлеуетін арттыру, жастар саясаты, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтау сияқты маңызды бағыттар жан-жақты қарастырылды. Бұл мәселелер бүгінгі қоғамның нақты сұранысын көрсетіп қана қоймай, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын басымдықтарды айқындайды. Әсіресе, өңірлік даму мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстардың көтерілуі – құрылтайдың практикалық маңызын арттыра түскендей.
Жалпы кешегі жиынның басты ерекшелігі – әртүрлі сала өкілдерінің, зиялы қауым мен қоғам белсенділерінің ашық диалогқа шығуы. Мұндай пікір алмасу билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге жол ашады. Қоғам тарапынан айтылған бастамалар мен ұсыныстар нақты шешімдерге ұласып, жүйелі түрде жүзеге асуы тиіс.
Аймақта өткен құрылтай ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді күшейтуге, ұлттық мүддені біріктіретін ортақ құндылықтарды айқындауға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Осындай мазмұнды алаңдар ел дамуына серпін беріп, қоғамның барлық саласында оң өзгерістерге негіз болады деп сенемін.
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ,
Аудандық білім бөлімінің басшысы
21 қаңтар 2026 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031