Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып, еңбек ете беремін

Президент: Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып, еңбек ете беремін

Фото: Ақорда
Халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі — мен үшін баға жетпес құндылық. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан, біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық. 2022 жылғы конституциялық реформаға, одан кейін Атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халқымыздың басым көпшілігі мені қолдады. Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралай отырып қабылдаймын. Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты жұмыспен айналысу мен үшін бәрінен маңызды. Халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі — мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамытып, Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып, еңбек ете беремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент стратегиялық бағдарын үнемі қолдап келе жатқан барша халыққа және Ұлттық құрылтайға келген еліміздің лайықты азаматтарына шын жүректен ризашылығымды білдіріп, зор алғысын айтты.
 
20 қаңтар 2026 ж. 160 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031