Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді

Тоқаев қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды, деп хабарлайды
Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Құрылтайдың ұшінші отырысында мемлекет басшысы қыз алып қашуға қатысты пікірін білдірді.

"Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс", деді Тоқаев.

Тоқаев "жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар" деп баса айтты.

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек", деді Президент.
15 наурыз 2024 ж. 164 0

АСЫҚ ОЙНАҒАН ОЗАДЫ

29 наурыз 2025 ж. 15

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 17

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 25

Жеңімпаз атанды

29 наурыз 2025 ж. 18

Жаңа көпір бой көтереді

29 наурыз 2025 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31