Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік болады

Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік болады

Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.
- Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордағы келіп тұрып Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәсені халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады.

- Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ, бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші елдерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, көптеген түйткілді шешу шебер дипломатияға байланысты.

- Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет. Су еліміз үшін стратегиялық ресурс, - деді Президент.

Фото: Kazinform
20 қаңтар 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031