Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынады: құжат жарияланды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынады: құжат жарияланды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметкерлерге несие алуға тыйым салынады: құжат жарияланды
ЖИ көмегімен жасалған
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында ақпарат алмасу тәртібі айқындалып, бұл тетік әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсыну және жеке тұлғаның кредиттік есебінде тиісті мәртебені көрсету мақсатында жүзеге асырылатыны көрсетілген.

"Жобада банктер мен микроқаржы ұйымдарының шақыру жасындағы жеке тұлғаның кредит алу жөніндегі өтінімі түскен кезде оның кредиттік есебіндегі мәртебесін тексеру қажеттілігі көзделген. Егер кредиттік есепте жеке тұлғаның мерзімді әскери қызметті өткеруі туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды", - делінген қаулы жобасында.

ҚНРДА мәліметінше, аталған бастама "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң талаптарын іске асыруға бағытталған және оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарларға әкелмейді.
19 қаңтар 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031