Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» пен «Селтик» кездесуінің қашан басталатыны белгілі болды

«Қайрат» пен «Селтик» кездесуінің қашан басталатыны белгілі болды

Фото: Қайрат ФК
Алматылық «Қайраттың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі өз алаңында өтетін шотландиялық «Селтик» командасымен кездесуі қашан басталатыны белгілі болды. 

Бұл ойын 26 тамызда қазақстандық уақытпен 21:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.

Шотландиялық клуб 1887 жылы құрылған. Содан бергі кезеңде өз елінде 55 мәрте чемпион атанып, 42 мәрте Шотландия кубогына ие болды. 1967 жылы Еуропа чемпиондар кубогын төбесіне көтерді.

Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті.

Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерді» (0:2, 3:0) орта жолда қалдырып, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал елордалық «Астананы»2016 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде (1:1, 2:1), 2017 жылы плей-офф кезеңінде (5:0, 3:4) есебімен қапы қалдырды. 

24 тамыз 2025 ж. 390 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930