Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс өңірлерде аномальды суық әлі де сақталады
12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com
Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жасады. Тұман, көктайғақ, боран және -40 градусқа дейінгі үскірік аяз — дүйсенбіде қазақстандықтарды осындай қолайсыздықтар күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік пен орталықта қар мен боран болады

Еліміздің солтүстік өңірлерінде қыс қаһарына мінбек. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қар жауып, жаяу боран соғады деп болжануда:
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу боран көріну деңгейін қиындатады.
СҚО және Қостанай облыстарында да түнде және күндіз қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде де қар мен боран болуы мүмкін.

Шығыс пен Жетісу облысында -40°C аяз болады

Шығыс өңірлерде аномальды суық әлі де сақталады. Сондай-ақ, кей аудандарда желдің екпіні қауіпті деңгейге жетеді:
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде -40 градусқа дейін өте күшті аяз сақталады. Абай облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
Жетісу облысында түнде -25-27 градус суық болады, ал Алакөл маңында желдің жылдамдығы 28 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік пен батыста көктайғақ болады

Елдің оңтүстік және батыс аймақтарында басты қауіп — көктайғақ пен көрінуді шектейтін тұман:
Шымкент пен Таразда күн райы құбылмалы болады: тұман түсіп, жолдарда көктайғақболады.
Түркістан, Жамбыл және Атырау облыстарында да тұман мен көктайғақ жүргізушілерге қиындық тудыруы мүмкін.
Манғыстау облысында түнде -22 градусқа дейін аяз болып, жел күшейеді.



18 қаңтар 2026 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031